Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬИН: ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫМ АЯҚТАЛДЫ

ИЛЬИН: ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫМ АЯҚТАЛДЫ

 

Өкінішті болса да, менің спорттық мансабым аяқталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин осылай мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.
«Бос уақытты белгілі мақсатта пайдалану керек. Менің спорттық мансабым өкінішті болса да осымен аяқталды. Бұл есікті жауып, келесі есікті ашу керек. Алайда келесі кезеңге өту үшін білім керек. Сондықтан, мен МВА-ға түсуді жөн санадым. Біз 2 ғасыр өмір сүрмейміз. Бар жоғы 1 ғасырға жетер жетпес уақыт пешенемізге жазылған. Сондықтан барлығын уақытында істеу керек», - деді әлем чемпионы.
Осы орайда Илья Ильин алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Жақында МВА-ға түстім. Әзірше бір сабақта ғана болдым. Оқу 9 желтоқсанда басталады. Ағылшынды көтеруім керек. Сенбі, жексенбі күндері тағы сабақ оқимын. Менің ойымша, бұл болашақта керек. Себебі, алдағы уақытта мен бизнестің не екендігін білуім керек. Зілтемір көтеруден басқа да нәрселерді үйренуім қажет. Яғни білімсіз, тәжірибесіз өз мақсатыңа жете алмайсың», - деді танымал қазақстандық спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Спортшының ағзасынан тыйым салынған препараттар табылған болатын.
Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.
Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: