Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ГОЛОВКИН ГОЛЛИВУДТА ЖҮР

ГОЛОВКИН ГОЛЛИВУДТА ЖҮР

 

WBA (Super), IBF, IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жыл сайынғы конвенциясына қатысу үшін Голливудқа келді, деп хабарлайды Baq.kz.
WBC-нің осымен 54-ші конвенциясы 11-17 желтоқсан аралығында өтеді және 2016 жылдың қорытындысы бойынша жеке наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімімен аяқталады. Головкиннен бөлек, Голливудқа басқа да әлем чемпиондары және белгілі боксшылар, атап айтсақ, Мигель Котто, Роман Гонсалес, Виталий Кличко, кіші Рой Джонс пен Эвандер Холифилд шақырылды.
Бұған дейін хабарланғандай, Головкин WBC нұсқасы бойынша жылдың үздік чемпионы атағына ұсынылған. Сондай-ақ, жерлесіміз Келл Брукпен өткен жекпе-жек үшін «Жыл оқиғасы» жүлдесі мен жылдың үздік боксшысы атағына үміткерлердің қатарына кірді.

ГОЛОВКИН ГОЛЛИВУДТА ЖҮР

 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: