Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

СЫР ВЕЛОСПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАДЫ

СЫР  ВЕЛОСПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАДЫАстана қаласында велоспорттан өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық велоспортшылар  5 медаль алып, жалпыкомандалық есепте ерлер арасында екінші орынды иеленді. 
4 шақырымдық командалық жарыста Асылхан Тұрар мен Роберт Гайнеев жеңімпаз атанса, Ғабиден Әзен күміс жүлдені  иеленді. Омниум сайысында Асылхан Тұрар алтын медальді жеңіп алса, топтық жарыста Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі. Жарыс қорытындысында облысымыздан 3 спортшы осы жылдың 6-11 ақпан күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында болатын Азия чемпионатына жолдама алды. 
№3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде және облыстық жоғары спорт шеберлігімектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа Руслан Ягафаров, Кеңес Оразалиев және Жандос Махамбетов дайындады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: