» » ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫСҚЫ АЗИАДАДА ҚОЛА АЛДЫ

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫСҚЫ АЗИАДАДА ҚОЛА АЛДЫ

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫСҚЫ АЗИАДАДА ҚОЛА АЛДЫ

 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарлама бойынша екінші орын алды. Ол 121,88 балл жинады. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 175,08 баллды қоржынға салып, үздік үштікке тұрақтады. Алтын кореялық Дабин Чойға (187,54 балл) бұйырса, күміске қытайлық  Цзиюнь Ли (175,60 балл) қол жеткізді.  
Элизабет Тұрсынбаева үстіміздегі жылдың 14 ақпапында 17 жасқа толды. Ол Мәскеу қаласында дүниеге келгенімен, оның әкесі – Байтақ Тұрсынбаева Сыр өңірінің тумасы. Сондықтан спортшы түрлі жарыстарда Қазақстанның, Қызылорда облысының намысын қорғап келеді. 
Э.Тұрсынбаева бүгінгі күнге дейін ІІ қысқы жасөспірімдер олимпиадасында (2016 жыл) қола алды. Сондай-ақ, Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2014-2016).