Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Студенттер арасында облыстық спартакиада өтеді

Студенттер арасында облыстық спартакиада өтеді Үстіміздегі жылдың  1-6 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында облыстық спартакиада өтеді. 
Оған Қызылорда және Байқоңыр қалаларынан  барлығы 18  команда, 1000-ға жуық студент жастар спорттың 7 түрінен (баскетбол, волейбол, шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан  тарту, үстел теннисі) өзара бақ сынасады. 
Спартакиаданың мақсаты - Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. 
Биыл бірінші мәрте өткізіліп отырған спартакиаданы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда. Спартакиаданың салтанатты ашылуы  1 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: