» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айдар: Спорт, Сонғы жаңалықтар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметіне Әкімов Олжас Азатұлы тағайындалды. 
Ол 1980 жылы 8 наурызда дүниеге келген. Ресей халықаралық олимпиадалық университетінде «Спорттық менеджмент», Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заңгер», Болашақ университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтады. 
Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР құрметті спорт қызметкері, халықаралық дәрежедегі төреші. 
2000-2003 жылдарда Байқоңыр қаласындағы №56 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бокстан бапкер болған ол одан кейін ҚР қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Байқоңыр кешенінде бас маман, «Инфрастрой» ЖШҚ жалпы сұрақтар бойынша бас директордың орынбасары, Байқоңыр кешеніндегі ҚР Президенті жанындағы арнаулы өкілі, штаттан тыс кеңесші, Астана қаласы әкімдігінің «Астана» регби клубының» директоры,  Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубының директоры, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында бас бапкер, Алматы қаласы әкімдігінің №17 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекцияның билетпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары болған. 2017 жылғы 1 сәуірден бастап бүгінге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының әмбебап жекпе-жектен аға жаттықтырушысы болды.