20 тамыз күні ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындары, еріктілер және белсенді жастардың қатысуымен бұқаралық велошеру өтеді.
Шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардың велоспортқа қызығушылығын арттыру.
Таңғы сағат 9.00-де «Сыр - Ана» монументі жанында қатысушылар жиналса, сағат 10.00-де велошеру басталады.
Сөре «Сыр - Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылының бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы мәре орталық стадионда аяқталады.
Бұқаралық велошеру өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда.