Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық ауыр атлеттер үшінші орында

Қызылордалық ауыр атлеттер үшінші орындаШығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы қалаларынан келген 136 спортшы мықтыларды әр салмақта мықтыларды анықтады. 
Сыр өңірінің ауыр атлеттері жігіттер арасындағы жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Жарыста 94 келіде сынға түскен жерлесіміз Рүстем Сыбай қоссайыстың қорытындысында 365 келіні бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, 69 келіде Әскербек Тұржанов күміс, Серікбол Аманжол қола жүлдегер атанды. Жалпы командалық есепте алғашқы екі орын Алматы қаласы мен Шығыс қазақстан облысы ауыр атлеттеріне бұйырды.     
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: