» » СҰЛТАН ӘБЕНОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

СҰЛТАН ӘБЕНОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар

Сыр футболының түлегі, Қызылорданың «Автомобилист», Алматының «Қайрат» шеберлер командаларының ардагер ойыншысы, ҚР құрметті спорт қайраткері Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін 8-13 қыркүйек аралығында футболдан республикалық турнир өтеді.
Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналады.
Жарысқа Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан 12 команда, 2006 жылы туылған 200-ден аса жасөспірім спортшылар қатысады.
Турнирді ұйымдастырушылар – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы.
Айта кетейік, былтырғы жылы осы жарыста «Қайсар» футбол орталығының командасы жеңімпаз атанған болатын.
Жарыс бүгін сағат 9.00-де «Локомотив» стадионында басталады, 10.00-де салтанатты ашылуы өтеді.