Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Баскетболдан облыстық біріншілік өтті


Қызылорда қаласындағы Мұз айдыны спорт кешенінде "Спорт - нашақорлыққа қарсы" ұранымен баскетболдан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары арасында облыстық біріншілік өтті.
Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 8 команда 2003-2004 ж.т. 212 жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.
Нəтижесінде ұлдар мен қыздар арасында Қызылорда қаласының #2 ОРМБЖМ мектебінің командасы жеңімпаз атанды.
Ұлдар арасында Шиелі - екінші, Байқоңыр қаласы - үшінші орындарды еншіледі.
Қыздар арасында жүлделі орын алған командалардың нəтижесі ұлдармен бірдей болды.
Жеңімпаз жəне жүлдегер командаларды облыстық баскетбол федерациясының президенті Ғалым Əміреев марапаттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: