» » Азия ойындарына 15 жерлесіміз аттанады

Азия ойындарына 15 жерлесіміз аттанады

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар / Негізгі
Азия ойындарына 15 жерлесіміз аттанадыҮстіміздегі жылдың 19 қыркүйек-4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Азия ойындары өтеді. Аталмыш ойындарға Сыр өңірінен 15 спортшы барып, олар спорттың 8 түрінен  бақ сынайды. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, олардың қатарында Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес),  Динара Қодарова (дзюдо), Жазира Сапарбек (таеквондо), Максим Коломоец, Айжан Досмағамбетова (стенд ату), Роберт Гайнеев (велоспорт),  Гүлнар Иманғалиева, Әйгерім Маханова, Гузал Бахабаддин, Алиса Черкасова (көгалдағы хоккей), Виктория Колотинская, Вероника Хардина, Наташа Ильина, Евгения Цупенковалар (гандбол) бар. Ал 2010 жылы Гуанжоудағы (Қытай) Азия ойындарында 3 спортшымыз, ауыр атлетикадан Илья Ильин (I орын) мен Дәурен Шәуетеев (III орын), дзюдодан Ғалия Өлментаевалар (III орын) шеберліктерін шыңдап, жоғары көрсеткіштерге ие болған. 
Айта кетейік, Азия ойындары  сонау 1951-ші  жылдан бері әрбір төрт жылда өткізіліп келеді. Оған биыл 45 елден 13 мың спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спорттың 50 түрі бойынша 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстаннан 420 спортшы спорттың  39 түрінен қатысады.