» » Қызылордада екінші лиганың ойындары басталады

Қызылордада екінші лиганың ойындары басталады

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Қызылордада екінші лиганың ойындары басталадыЕртең, қыркүйектің 11-і күні Қызылордада футболдан Қазақстан Екінші лигасының финалдық кезеңі басталады. Дүбірлі додаға қатысатын 12 команда Бірінші лигаға қатысуға құқық беретін жалғыз жолдамаға таласады.
Әу баста финалдық кезеңге қатысуға ниет білдірген командалардың саны 16 болатын. Алайда әртүрлі себептерге байланысты төртеуі қысқарып қалды. Ал басты фаворит мамандардың пікірінше – қызылордалық «Байқоңыр». Дегенмен, шымкенттік «Шалқар» мен «Ақтөбенің «Вест-Кроун» командасы да жеңіске жетуден дәмелі. Сонымен, финалдық кезеңнің ойындары ертеңнен бастап, таңғы сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін жалғасады. 18 қыркүйекке дейін созылатын финалдық кезеңде 12 команда алты-алтыдан екі топқа бөлінген. Ойындар «Локомотив» стадионы мен Назарбаев зияткерлік мектебінің алаңында өтеді.

Футболдан ҚР Екінші лига клубтарының арасындағы финалдық кезеңнің ойындар кестесі:

«Локомотив» стадионы
1 топ.

1-тур, 11 қыркүйек (бейсенбі)
09:00. «Водник» (Алматы) – «Жетісай» (Жетісай)
11:00. «Трактор» (Павлодар) – «Рузаевка» (СҚО)
13:00. «Байқоңыр» (Қызылорда) – «Пронет» (Ақтөбе)

2-тур, 12 қыркүйек (жұма)
09:00. «Рузаевка» – «Жетісай»
11:00. «Пронет» – «Водник»
13:00. «Байқоңыр» – «Трактор»

3-тур, 14 қыркүйек (жексенбі)
09:00. «Трактор» – «Водник»
11:00. «Жетісай» – «Пронет»
13:00. «Байқоңыр» – «Рузаевка»

4-тур, 15 қыркүйек (дүйсенбі)
09:00. «Рузаевка» – Пронет»
11:00. «Трактор» – «Жетісай»
13:00. «Байқоңыр» – «Водник»

5-тур, 17 қыркүйек (сәрсенбі)
09:00. «Водник» – «Рузаевка»
11:00. «Пронет» – «Трактор»
13:00. «Байқоңыр» – «Жетісай»

18 қыркүйек (бейсенбі)
10:00. 5-6 орындар үшін 
14:00. 3-4 орындар үшін
16:00. 1-2 орындар үшін
18:30. Жабылу салтанаты

Назарбаев Зияткерлік Мектебінің алаңы
2 топ

1-тур, 11 қыркүйек (бейсенбі)
09:00. «Шымкент» (Шымкент) – «Қызылжар» (Петропавл)
11:00. «Каспий» (Ақтау) – «Шалқар» (ОКО)
13:00. «Вест-Кроун» (Ақтөбе) – «Каспи банк» (Алматы)

2-тур, 12 қыркүйек (жұма)
09:00. «Каспи банк» – «Каспий»
11:00. «Вест-Кроун» – «Қызылжар»
13:00. «Шымкент» – «Шалқар»

3-тур, 14 қыркүйек (жексенбі)
09:00. «Шалқар» – «Каспи банк»
11:00. «Вест-Кроун» – «Шымкент»
13:00. «Қызылжар» – «Каспий»

4-тур, 15 қыркүйек (дүйсенбі)
09:00. «Каспий» – «Вест-Кроун»
11:00. «Қызылжар» – «Шалқар»
13:00. «Каспи банк» – «Шымкент»

5-тур, 17 қыркүйек (сәрсенбі)
09:00. «Каспий» – «Шымкент»
11:00. «Қызылжар» – «Каспи банк»
13:00. «Шалқар» – «Вест-Кроун»

18 қыркүйек (бейсенбі)
10:00. 11-12 орындар үшін 
14:00. 9-10 орындар үшін
16:00. 7-8 орындар үшін