Сейхун-инфо.кз / Алмас Өтешов жетістікке жету сырымен бөлісті

Алмас Өтешов жетістікке жету сырымен бөлісті

Алмас Өтешов жетістікке жету сырымен бөлісті«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионы, 2008-2009 жылдары Азия чемпионатының, 2013 жылы Вроцлавта (Польша) өткен әлем чемпионатының және 2014 жылғы XVII Азия ойындарының күміс жүлдегері, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі Алмас Өтешов жерлестерімен кездесті. Бұл туралы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев хабарлады.
Кездесу барысында Сыр толағайына жастар Инчхонда өткен Азия ойындарында жеткен жетістіктері туралы сұрақтарын қойып, зілтеміршімен сұхбаттасып, пікір алмасты.
Азия, әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған Алмас, әрбір спорттағы жетістігі жаттықтырушылары мен өзінің төккен маңдай терімен жеткендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, өз замандастарына өмірде алға қойған мақсатқа адал еңбекпен жетуді насихаттады және спортпен шұғылдануға үндеді.
Кездесу соңында Алмас Өтешов өзінің жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта үлкен сындарды жанкүйерлерімен бірге бағындыратынын жеткізді. 
Жасотандықтар елдің атын әлемге әйгілі еткен спорт саңлағына естелік сыйлықты тарту етіп, кездесуді қорытындылады.
25-10-2014, 14:42
Вернуться назад