Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛТЫН БЕЛБЕУ» САЙЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛТЫН БЕЛБЕУ» САЙЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛТЫН БЕЛБЕУ» САЙЫСЫ БАСТАЛАДЫ30 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық ақтықсайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8  команда қатысады.
Қазақ күресінен «Түйе палуан»  атанған  спортшы «Сыр Барысы»  атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады. Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар 2 шілдеде Астана қаласында өтетін«Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.  
Жарыстың салтанатты ашылуы сағ. 11.00-де, ақтық белдесулер 11.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 13.00-де. Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін)
26-04-2017, 15:33
Вернуться назад