Сейхун-инфо.кз / АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ


Облыс орталығындағы "Евразия" спорт кешенінде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймақтарынан 16 команда келді. Бүгінде 250 жас атлет 16 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасуда. Жарыстың салтатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы және ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұрәлиев келіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша сәуір айында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Әлем чемпионатына қатысатын құрама команда жасақталатын болады. Жалпыкомандалық есеп бойынша нәтиже 20 ақпан күні белгілі болады.
17-02-2018, 10:13
Вернуться назад