Сейхун-инфо.кз / Геннадий Головкин оң аяғын жарақаттап алды

Геннадий Головкин оң аяғын жарақаттап алды


Шетелдік дерек көзінің, атап айтқанда, ESPN.com басылымының мәлімдеуінше, Геннадий Головкин (40-1-1, 35 KO) оң аяғын (сирағын) жарақаттап алған. Осыған байланысты, GGG командасы IBF басшыларынан чемпиондық атағын міндетті түрде қорғауды кейінге шегере тұруларын өтініпті.
Дәл қазір, Геннадий Головки мен поляк Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы жекпе-жек «мамыр немесе маусым айларында өтуі тиіс» деген болжамдар айтылып жатыр. DAZN стримингтік сервисінің өкілі бұл жекпе-жекті қай күнге ауыстыру мәселесі талқыланып жатқандығын да жасырмаған.
Бірақ GGG Promotions (промоутері) Том Леффлер шетелдік басылымға бұл жөнінде пікір білдіруден бас тартыпты. Енді Головкин – Шеремета жекпе-жегінің тағы да кейінге шегерілуі әбден мүмкін. Әу баста бұл жекпе-жекті 29 ақпанда өткізу жоспарланып, артынан 28 наурызға, кейінірек 11 сәуірге шегерілгендей еді.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы рет шаршы алаңға 5 қазан күні шығып, украин Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен ұтқан. Әрі IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атақ пен белбеуді жеңіп алған-тын. Енді осы атағын міндетті түрде қорғап қалу мерзімі жеткен болатын.
20-02-2020, 09:20
Вернуться назад