Сейхун-инфо.кз / Жұмбағы мол Жанкент

Жұмбағы мол Жанкент

Жанкент қорғаны Қазалы жерiндегi республикалық санаттағы археологиялық ескерткiштердiң бiрi. IХ-ХІ ғасырларда оғыздардың Сыр бойындағы Сауран, Сығанақ, Түркiстан (Яссы) тағы басқа қалалардың арасында аталатын Жанкент шаһарының орны Сырдария өзенiнiң сол жақ бетiнде, Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр.
Жанкент жайлы ең бiрiншi жазбаша естелiктер IХ-Х ғасырлардың үлесiне тиедi, ал ХҮ ғасырда қала туралы деректер жоғалады. Тек арада үш жүз жыл өткен соң, ХҮIII ғасырда ғана Жанкенттiң аты қайта жаңғырады. Алайда, бұл қираған Жанкент жайлы жазбалар Жанкент қаласы жөнiнде орыс саяхатшысы П. И. Лерх өзiнiң 1867 жылы жасаған археологиялық экспедициясынан соң құнды мәлiметтер қалдырған.
Сыр өңірін есте жоқ ерте дүниеден бастап адамдар мекендеп,уақыт өткен сайын олардың мәдениеті ілгерілей түскенін археологиялық қазбалардың нәтижелері мен осы кезге шейін сақталынып келген көне ескерткіштер айғақтап отыр.
Атақты ғалым Жамал Каршидың жазуынша,оғыздар Сыр бойынан теп-тегіс жөңкіле көшпеген,олардың егіншілері,жатақтары,кейбір тайпалары монғол дәуірінің өзінде Сыр бойын қоныстап отырған.олар ғасырлар бойы осы араны мекендеп,бері келе кейбір тайпалары қазақ құрамына қосылады. Бұған қорқыт,Көрғұлы,Жиренше щещен,Алдар көсе сияқты оғыз,қыпшақ заманында шығып,Сыр бойына кең тараған аңыздврдың қазақ халқының ортасында ғасырлыр бойы тұтастай,әдемі сақталып келуі дәлел.Оғыз бен қыпшақтардың қазақ халқының мәдени,рухани игілігіне негіз болған мұралары орасан көп,ол мұраны сипаттайтын белгілері қазақ жерінде осы күнге дейін аз емес.Ежелгі оғыз-қыпшақ тайпаларының сақталған аттары бұлардың атымен байланысты географиялық топонимдер,сол заманнан келе жатқан тарихи дәстүрлер,аңыз хикаялар мол.
Оғыз дәуірінен қалған белгілердің аса күрделі бір түрі-Сырдария бойындағы ескі қалалар,күмбездер,мұнаралар,кернейшелер,не олардың қирап жатқан орындары.Оғыздар бір заманда (ҮІІІ-Хғасырлар арасында)Сырдария мен Торғай өлкесінің арасында көшіп жүрген ел болғандықтан,олардан қалған жәдігердер бұл өңірде жиі кездесіп отырады.
Оғыздардың Сырдария жағасындағы ең атақты қалалары Янгикент (Жанкент),Жент,Үзкент (Өзгент),Баршынкент (Қызқала).
Қорқытпен қосақталып айтылатын тарихи хикаяның бағалысы әсіресе Жанкент қаласы туралы аңыздар.Сол аңыз бойынша бұл қаланы көп заман билеген кісінің бірі елге үгіт-насихат айтушы,өзі жүзден асқан ойшыл қарт болады.Әбілғазының түркімен шежіресінде оғыз еліәр уақыт Жанкент қаласына жиналып,қайы халқынан Инал Яуиды хан көтеріп,оғанҚорқыт атаны уәзір ететіні айтылады.
Жазба деректерде Жанкент алғаш рет араб тарихшысы Ибн-Рүстемнің еңбегінде аталады.Сондай-ақ араб географы Ибн-Хаукал оғыздардың бастықаласы Жанкент болды,оны ирандықтар Нау-Керде,арабтар Эл-Харият,сарматтар Дахи Нау деп атаған дейді.Жанкент (Күйік қала)-биікке орналасқан.Жанкент атауының өзі Янгикент- Жанакент-Жанкент (Жаңа қала)деген мағынаны білдіреді.Жанкент тарихы ғасырлар қойнаында жатыр.Қаланың гүлдену дәуірі ІХ ғасырды ІІ-жартысы мен ХІ ғасырдың алғашқы ширегі.Жанкент шаһары-аумағы 15-20 гектар,егіншілігі,саудасы мықтап өркендеген қала болды.Қала маңындағы ирригациялық жүйелер егіншіліктің шаруашылықтағы негізгі басты саласы болғандығын әйгілеп тұр.Ол кезеңде Арал теңізінЖент теңізі деп атаған.Жанкент тұрғындары осы теңіз маңынан үлкен тұз көзін тауып,Қытай,Иран,Үндістан елдерімен сауда қатынастарын жасаған.
Қыпшақ-қимақ мыңдап мал айдап,Қарлан өткелі арқылы Жанкентке келіп,сауда жасаған.Қаланың шет көшелері құмыра жасаушылардың,ұсақ қолөнршілердің,зергерлердің,қару-жарақ жасаушы ұсталардың балшықтан соққан сабан үйлері мен ұстаханаларына толы еді.Ал шаһар орталығындағы гүлзар баққа оранған,хауыздары мөлдір суға тұнған қала бектерінің биік дуалмен қоршалған үйлері болды.Қала сырты үш орам болыпсуға толтырылған орлармен қоршалған.Шаһардың сыртпен араласатын төрт қақпасы болды.
Әрбір жұма күні шаһар орталығындағы базар алаңында сауда қызу жүріп жататын.Жанкенттің шығыс пен батысты жалғастырып жатқанҰлы Жібек жолыбойындағы тоғыз жолдың торабына орналасуы қаланың географиялық,экономикалық маңызын арттыра түсті.Қытай жібектері,Үнді маталары мен жемістері,араб елдерінің құрмасы,науаты,Иран құлдары базарда өтімді товар болып саналатын.
Оғыздарда қалалы мәдениет жоғары дамыды.Х ғасырда Жанкент бойының оғыздары Жайықтағы печене (печенег)және башқұрттармен 34 жыл жауласады (922-956 ж.ж).956 жылдан соң бұл алалық түркімен және қыпшақ оғыздарының арасында өтеді.Негізінде ұлыстың түбіне жеткен де осы қайшылық болды.
Ислам мәдениеті Сыр өңіріне Хорезм,Бұхар,Отырар арқылы еніп,Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ ұлысы бүлінеді.Яғни Жанкент Оғыздарының арасында көсемі Қазан-Салор мұсылман дінін963 жылы қабылдап,ал Қорқыт болса тәңірлік ескі культті (шаманизм) жақтап,қимақ-қыпшақ арасына кетеді.Қимақ (Әлім),Қыпшақ,қай (Қоңырат) тайпалары көшпелі тұрмыста қалып шаман нанымын тұтынады.Ал Жанкент болса,Қазан-Салордың (Түркмен) елі болып қалады.
ХІ ғасырдың басында оғыздардың бір қанаты – селжуктар күшейіп,Селжұқ мемлекетін құрады.Әлемге әйгілі болған осы мемлекеттің сюбашы (көсемі) Селжұқөз жолын осы Янгикенттен 935 жылы бастаған болатын.1034 жылыСелжұқ әскерінің қолбасшысы Тұғрылбек Хорасан патшалығын әскери күшпен өзіне қаратады.Бұдан соң селжұқтарға Хорезм,бүкіл Иран мен Азербайжан бағынады.1055 жылы Тұғрылбек араб халифатының астанасы-Бағдатты басып алады.Бағдатта Тұғрылбек сұлтан болып отырады.
Тұғрылбектен кейін сұлтан болған Алып Арысланның және оның баласы Жәлеледин Мәлік шахтың бүлік жүргізген кезінде селжұқтар қатты күшейді.Қытайдан Жерорта теңізіне,кавказдан Иеменге дейінгісозылып жатқан жерлерде селжұқтар билейді.Жәлеледин Мәлік шахөлген соң,оның орнына отырған баласы Санжар астананы Хорасаннан Мервке (Түркіменстан),одан Жанкентке көшіреді.Жанкент мықтыбекініске айналды.Парсы тарихшысы Равэнди 1158 жылғы оғыздар менселжұқтардың арасында болған соғыстың дерегін келтіреді.Бұл екі тайпа оғыздардың екі бұтағы болса да,Санжар сұлтан тұсында өзара қатты жауласқан.Осы шаһарда Хорасанды,Шығыс Иранды,Хорезм мен Мавреннахрды билеген Селжұқ сұлтаны Санжардың өкіметі 1153 жылы тіршілігін тоқтатты.ХІІІ ғасырда монғолдардан ығысқан олар Кіші Азия,Анадолы жеріне барып,Селжұқтар династиясын (1225-1258) құрады.
1219 жылдың күзінде Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары монғол-татар шапқыншылығы салдарынан күл талқан болып қирады.400 жыл бойы қалалы мәдениет жасағын оғыз-қыпшақ тайпалары таға да көшпелі өмірге түседі.
Монғол-татарлар салған ойран басылмай жатып-ақ,Янгикент сауда мен қолөнер орталығының бірі ретіндеқайта көтеріліп, ХІҮ ғасырда гүлдену шегіне жетті.Мұсылман мәдениеті ықпалында болған бұл қала Жаңақала-Жанкент деп аталады.
Алайда ХҮ ғасырдан бастап қала жазба деректерден кездеспейді. Қала жоғалады. Оның жойылу себебі неде?
Қала бірнеше жойқын соғысты басынан өткерді.Бірі жолындағының бәрін талқан қып,төбеге айналдырған монғол-татар шапқыншылығы. Енді бірі Ақсақ Темірдің тонау-талқандау жорықтары. Мүмкін осы соғыстар суармалы егіншілікпен айналысқан, бейбіт ғұмыр кешкен қала халқын тоз-тоз еткен де шығар.
Араб саяхатшысы Хафизи-Абрудың жазбаларында Сырдарияның ХҮ ғасырда Отырар тұсынан батысқа бұрылып,Әмудариямен біргеКаспийге құйғандығын айтады.Әрине бұл Сырдың төменгі ағысындағыЖанкент қаласына да ықпалынтигізьей қоймайды.Егіс алқаптары,ирригациялық жүйелер су жүрмегендіктен құм басып шөлгеайналады.Негізгі тіршілік су болған,егіншілік айналысқан қала тұрғындарының шаһарды тастап кетуіне мұның да себеп болуы әбден ықтимал.
Жанкент қаласының орнын бірнеше рет қазып зерттеген ғалым П.И.Лерх (1857 ж) Ол кісі көрген кезде қаланың ескі қабырғалары, кейбір архитектурасы,көшелерінің ізі әлі жоғала қоймаған.Сыртынан қарағанда Жанкент қаласының түрі үлкен төбе сияқты үйінді болып жатады. Оның аумағы төрт бұрышты,жан-жағы тұтасыменбиік қыш қамалмен қоршалған. Қамал қабырғасының қалыңдығы 6 метрдей. Ең жақсы сақталғаны оңтүстік қабырғасы,онда қатар –қатар тізбектелгенбірнеше биік мұнаралар,оқ ататын тесік көздер сақталынған.Ең биік мұнара оңтүстік батысында болған.Қаланың ортасында жан-жағын қоршаған ескі сарайдың орны, онда ел басқарушылары тұрған.
Үйлердің орнын,қабырғасынаршып көргенде,одан көптеген архитектура үлгісі, қабырғаға түсірген суреттер,күйдірілген кірпіштер,көк қызғылт шынымен (глазурь) жапқан көзе тақталар,террокоталар,ғанышпен жасалған өрнектер,көзе сынықтары, араб жазуымен әшекейленген сауыттар,тағы сол сияқты өнер өрнектері табылған.Қазғанда табылған өзгеше нәрсенің бірі-сол ескі дәуіде әдемі дүние жасайтын шеберхананың орны.Оны қазғанда ішінен кірпіш күйдіретін, көзе сауыт күйдіретін, әдемі глазурь шынылары, шеберхана орындары табылған. Олардың барлығында сол кезде өндірісте істеген жұмыстардың қалдығы көп табылған.соның бірі-араб әріпімен жазылған кірпіш.
Шеберханадан табылған қызық нәрсенің бірі-глазурьшыны қорытатын пештің қалдығы,оның үстіне шойын қазан сақталған,оның іші қатып қалған глазурьдің ізі.Олардың бірталайы ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Алтына (Дешті-Қыпшақ) заманы мәдениетінен хабар береді.Жанкентте мыстан,күмістен жасалған,ХІІІ-ХІҮ ғасырдың теңгелері табылған. Бірақ өкінішті жері бұл қаланы Темірхан бүтіндей құртқан.
Кеңес дәуірінде Жанкент қаласына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген,бірақ толық зерттелмеген, одан осы сияқты көп нәрселер тапқан ғалым С.П.Толстов.
7-04-2020, 12:36
Вернуться назад