Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Қазақ хандығы туралы сериал түсіріледі

Қазақ хандығы туралы сериал түсіріледіҚазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелеу аясында Қазақ хандығы туралы сериал түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап.
"Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсірілетінін ерекше атап өткім келеді. Алдын ала дайындық жұмыстары басталды. Сериал 2015 жылдың қаңтарында түсіріле бастайды", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфифингте.
Мұхамедиұлының айтуынша, 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің мерейтойын тойлау жөніндегі іс-шаралар жоспарына елдегі түрлі музейлер мен мұрағаттарда Қазақ хандығы тарихын зерттеу туралы жобалар, бейнероликтер, ғылыми-көпшілік бағдарламалар мен деректі фильмдер жасау кіреді. Сонымен бірге, халықаралық конференциялар өткізіліп, экспедициялар ұйымдастырылады. "Еліміз бойынша барлығы 100 шара өтеді. "Керей мен Жәнібек" және "Мәңгілік Ел" атты екі спектакльдің сценарийі жазылып жатыр. Шаралар бүкіл республиканы қамтитын болады", - деді ол.
"Қазіргі уақытта іс-шаралар жоспарына сәйкес, республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттерден де қаражат қарастырылды, өзге қаражат көздерінен де қаржы тартылады. Бұл шаралардың көп шығынды болмайтынын айтқым келеді. Негізінен, олар тарихи және идеологиялық бағыттағы шаралар болады. Бір ғана бұқаралық шара өтеді - қорытынды шара: қыркүйек айында Шу мен Талас бойында сахналандырылған қойылым болады, қалған шаралар ғылыми бағытта. Әрине, Қазақ хандығы туралы сериалдың түсіріліміне қаржы жұмсалады. Қазір бюджет нақтыланып жатыр, сценарий түпкілікті дайын болған кезде оның бюджеті де белгілі болады", - деді министр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: