» » ҮНДІСТАНДЫ ЖАУЛАҒАН ҚАЗАҚТАР МА?

ҮНДІСТАНДЫ ЖАУЛАҒАН ҚАЗАҚТАР МА?

Айдар: Тарих, Сонғы жаңалықтар

ҮНДІСТАНДЫ ЖАУЛАҒАН ҚАЗАҚТАР МА?

 

1526 жылдың 20 сәуірінде Үндістанның әйгілі Панипат жазығында орта азиялық түркілердің 20 мың әскерін бастаған Бабыр мен үндістандықтардан құралған 150 мыңға жуық әскердің басын құраған Дели сұлтаны Ибрагим Лодидің армиясы бетпе-бет келген еді, деп жазады «Өскен өңір» газеті.
Қиян кескі ұрыстың нәтижесінде сол заманда әскери өнердің шыңына жетіп, әлемді тітіркендіріп тұрған көшпелі түркілерден құралған анығында жетісу, түркістан аралығын жайлаған қазақтың Қасым ханына тиесілі жұрттан әскери көмек алған ақсақ Темірдің шөбересі Бабыр сұлтан жеңіске жеткен екен. Айтқандай бұл соғыста тарихта ең алғаш мылтық пен зеңбіректер (Самарқандтық ұста Әли-Күли құйған зеңбіректер мен мылтықтар түркілер тарапынан қолданылған. Бұл да өз алдына зерттеуді қажет ететін тың тақырып секілді) қатар қолданылған деген деректер бар. Қазақтың Қасым ханы мен Ақсақ-Темірдің ұрпағы Бабыр туған бөле.
Оның үстіне Әбілхайырдың немересі көшпелі өзбектер ханы Шайбани қазақтар мен мәуреннахр тұрғындарына қатар шауып, маза бермей жатқан кез еді. Осыған байланысты Қасым хан мен Бабырдың Шайбаниге  қарсы екеуінің арасында жасырын одақ болғанға ұқсайды. Себебі, осы Мұхаммед Шайбани және баласы Убайдулла сұлтан екеуі Ақсақ-темір ұрпағын қынадай қырып, Бабырдан Ферғана, Ош. Самарқан өлкесін тартып алған еді.
Әлқисса, Бабыр өзінің «Бабырнама» атты еңбегінде Үнді-Ауған жеріне шапқыншылық жасағанда үзеңгілес әрі серкітес болған бектері мен әскери қолбасшыларының денінің атын атап, түсін түстеп, тізіп өткен екен. Аталғандардың барлығы дерлік осы қазақ жерінен, қазақтың руларынан шыққан адамдар екенін байқаймыз.
Сонымен қатар, сол заманда Ауған жерінде мекен еткен 40 мың үйлі Хұсырау бастаған қыпшақ тайпалары Гиндикуш тауында 200 адаммен қашып жүрген Бабырды (Шайбаниден жеңіліп, қашып жүрген кезі) арнайы шақыртып, өздеріне хан сайлап алғаныы айтылады. «Бабырнама» кітабында бұл бек туралы төмендегіше миәлімет келтірілген; «Хусрау- шах. Он из туркменских кипчаков. После иракской смуты Хусрау-шах присоединился к Султан-Махмуду-мирзе и в дороге оказывал ему подобающие услуги, вследствие чего Султан-Махмуд-мирза проявил к нему внимание. Впослед- ствии Хусрау-шах очень сильно возвысился. Все области от Аму-Дарьи до гор Хиндукуша, кроме Бадахшана, были ему подвластны. Это было сплошное владение. Угощения его были хороши, как и его щедрость, несмотря на его происхождение. Он был большой стяжатель, но так же, как приобретал, он и тратил хорошо. После Султан-Махмуда-мирзы, при его сыновьях, Хусрау- шах очень сильно возвысился. Число его нукеров приближа- лось к двадцати тысячам. 48 бет.
Ұлы Жүздің Дулат тайпасы билеп отырған Кашмир өлкесі мен сол өлкенің басқарушысы әйгілі тарихшы, атақты бек Мұхаммед Хайдар Дулатиде Бабырды өзіне билеуші етіп мойындап, әскери көмек көрсетіпті. Әсілі, Бабыр, Мұхамед Хайдар Дулати және қазақтың Қасым ханы туған бөлелер. Бұл жерде де арнайы келісім болғанға ұқсайды. Оны енді тарихшылар айқындай жатар.
Сол кездегі ұлы және орта жүз қазақтары түгелімен Моғолстан хандығын құраған тайпалар болғаны мәлім. Моғолстан хандығының географиялық территориясы бүгінгі Қырғызстан мен Қазақстанның Жетісу өңірімен шектесетіндігі мәлім. Ал, бұл кезде бүгінгі қырғыздар  Сібірдің енесейін ен жайлап, солтүстікте тыныш қана жатқанын өздері де мойындаса керек. Себебі, Шыңғыс Айтматовтың әгілі «Бұғы ана» аңыз әңгімесінде қалың қырғыз түгілемін Енесейдің бойында болғаны айтылады. Сонымен қатар, ежелгі түркілердің руна жазуы яғни, Иолығ тегіннің тасқа қашалған сына жазуында «Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық… Тоғу қаласында шайқастық.»,-деген сөздерді кездестіреміз. Ал, өз кезегінде қырғыздың Тоғу қаласы Сібірде. Тағы бір айта кетерлігі, Бабырдың өз қолымен жазған «Бабырнама» атты кітабында қырғыз атауын кездестіре алмайсыз.
Захр-ад-дин Бабыр өз еңбегінде қазақтың Қасымханы туралы қызықты мәлімет келтіріп, үлкен ілтипатын білдірген.сонымен қатар, қазақтың Алаша ханы туралы да қысқаша дерек келтіріпті.Мәселен: «Султан-Ахмед-хан, известный под именем Алача-хана. На языке калмаков и моголов убийцу называют «алача», а так как Султан-Ахмед- хан несколько раз побеждал калмаков и истре- бил много их людей, то его называли «алачи»; от частого yпо- требления «алачи» превратилось в «алача».»-26 бет.
«Во время обряда оплакивания мне сообщили о смерти младшего хана, моего дяди Алача-хана и моей бабки Исан-Даулет-биким. Подошли сороковины ханум, когда из Хо- расана прибыли мать ханов Шах-биким, жена моего дяди Султа н-Ахмеда-мирзы, Михр-Нигар-ханум и Мухаммед-Хусе йн- Гурган Дуглат; 229 бет. Моголы дер- жали себя хорошо и действовали со мною единодушно.
Жалпы, Бабырдың бастан кешкен тарихы өте қызықты. 12 жасында хан тағына отырып, Көшпелі өзбектер ханы Шайбанимен үздіксіз соғыс жүргізеді. Ақсақ-Темірдің барлық ұрпағынан билікті оңай тартып алған Шайбанихан  Бабырды оңай бағындыра алмағынан білеміз. Дегенмен тағдыр оған ата бабасы ғұмыр кешкен Мәуреннахрды, Самарқанды, Ошты, әндіжанды, Ферғананы бұйырмады. Оған патшалық, тақ пен тәж алыстағы Үндістаннан бұйырыпты. Бабырды қолдаған бектер, билер, батырлар мен әскерлердің барлығы дерлік қазақтың қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, дулат, жалайыр т.б ру-тайпаларынан құралған. Оны біз «Бабырнама» кітабынан кездестіре аламыз. Біркездері Әмір-Темірдің ұрпағын қырып-жойып, Бабырды өз елінен түре қуып шыққан өзбектерде бүгінде Үндістандағы моғол империясына қатысымыз бар деп таласып отырса, қазақтардыңда оған таласы мысқалдан да кем болмауы тиіс деп білеміз.
Сонымен Бабыр Үндістанды жеңіп падишах атанады.
Әскері мен басқауршы бектері, батырларының барлығы Моғолстан жері яғни, бүгінгі Жетісу-Түркістан өлкесінен болғандықтан ол өзі құрған мемлекеттің де атын Моғолстан деп атаған. Осылай атауға мәжбүр болған. Себебі, ыстық, жауынды-шашынды жерге келген жетісулық әскер, бектер өз еліне қайтуды аңсап, патшадан рұқсат сұрай беріпті. Тіптен кейбір бектердің жасырын қашу әрекеті көбейеді. Ал, бұл жаңадан жауалап алған елді ұстап қалуға үлкен қауіп, кедергі келтіретін оқиға елді. Моғолстанға қашқан бектер өздері тұрған ғимараттарға туған жері жетісу-моғолстан туралы өлеңдер жазып, (Бабыр патша ақын, өлеңге жақын болғандықтан) ыстық-бейтаныс өлкені желкеміздің шұқыры көрсін деген мағынада шумақтатып, өлеңдер мен әзілдер жаза берген екен. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында ол өзі құрған мемлекеттің атын Моғол империясы деп атауға мәжбүр болғанға ұқсайды.
Айтқандай Бабыр өз еңбегінде Сығанақ қаласы мен ондағы түркілердің жаңа әліпбиі туралы да қызықты деректер келтірген.
Сонымен 1483 жылдың 14 ақпанында Әндіжанда туылып, 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда 47 жасында қайтыс болған Бабыр патшаны қолдаған қазақтың ру-тайпалары деп атауымызға оның өз қолымен жазып кеткен еңбегі дәлел бола алады. Патшаның толық аты-жөні  әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам Захиреддин Мұхаммед Жалалуддин Бабыр, Падишаһ-и-Ғази.
Өз кезегінде әйгілі патша және оның үрім-бұтағы Үнді жұртына жүздеген сәулет өнерін сыйлайды. Сондай сәулет өнерінің бірі атақты Тәж-Махал. Тұрандық түркілер салған осындай сәулет өнеріне, ғимараттардың алыптығы мен әсемдігіне, қайталанбас техникалық ерекшелігіне тәнті болған үнді жұртының абыз ақсақалы Махатма Ганди өзінің «Менің өмірім» атты естелік еңбегінде Үндістан жұртына жоғарғы өркениет пен мәдениетті, монша, хауыз, кәріз жүйелері сияқты тазалықты сақтайтын тұрмысқа аса қажетті жаңылықтарды енгізген орта азиялықтарға мың алғысын жеткізген. Рақметін айтып, мұқым үндіні мың жыл билеген түркілерге деген ыстық ықыласын білдірген. Оқып, танысуға әбден тұрарлық еңбек.

Нұрболат СӘДУАҚАСҰЛЫ.