Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

«Қорқыт ата» кітабы - түркі дүниесіне ортақ мұра

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1оқу ғимаратында түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраев Шәкір Шәкімшәріпұлы қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушы-профессорлары және білім алушы жастарымен кездесті. 
Кездесуді «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Бағдат Кәрібозұлы жүргізді. Жиын барысында Шәкір Шәкімшәріпұлы түркі халықтарына ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы Қорқыт атаға байланысты айтылған аңыз-әңгімелердің поэтикасын, жырларындағы тарихи маңызын «Қорқыт ата кітабының» философиялық мән-мағынасын сөз етті. «Қорқыт туралы аңыздарға сүйенсек, Қорқыт қобыз тартқанда даусын естіген қырық қыз Арқадан іздеп келеді. Бірақ бәрі шөлге шыдай алмай өліп, тек қана Ақсақ қыз жетіпті», – дейді. Бұлар – реалды емес, тек бақсы қобыз тартқан кезде өзінің тілдесетін жындарын, перілерін, басқа да тылсым құбылыстарды шақырып алады. Бұл – бізге қазір қиял-ғажайып нәрсе сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде бақсылық наным-сенімде анық бар дүние»,-дейді профессор Шәкір Ыбыраев. Кездесудің болашақ әдебиет, тіл саласының мамандарына тағылымдық мәні мол болды. Қатысушылар түркітанушы ғалымға сұрақтарын қойып, еркін ой бөлісті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: