» » ҚОС ҒАСЫРЛЫҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЗЫЛҒАН ШАҺАР

ҚОС ҒАСЫРЛЫҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЗЫЛҒАН ШАҺАР

Айдар: Тарих / Сонғы жаңалықтар

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы - аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы және республикадағы байырғы ірі мәдени ошақтардың бірі болып табылады. Кітапхана 1867 жылы Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылып, 1917 жылға дейін қалалық көпшілік кітапхана қызметін атқарған.
1938 жылы Қызылорда облыстық кітапханасы болып қайта құрылып, жазушы Максим Горький есімі берілді. Уақыт өте еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 жылы кітапханаға халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. 2009 жылы қараша айында кітапхана типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.
Кітапхана ғимараты негізгі 3 қабаттан, цокольді және техникалық қабаттардан тұрады. Цокольді қабатта кітап қорларын сақтау және қосалқы қызмет көрсету бөлмелері орналасқан. Бірінші қабатта балалар әдебиеті бөлімі: балалар абонементі, мектепке дейінгі және 1-4 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 5-9 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 150 орындық лекция залы, 100 орындық конференц-зал да орналасқан. Балалар әдебиеті бөлімінде ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Кітапханадағы іскерлік кездесулер, конференциялар, семинарлар және басқа да шаралар конференц-залда, лекция залында ұйымдастырылады. 2-ші қабатта 100 орынға арналған оқу залы, абонемент, ғылыми-әдістемелік бөлім, ақпараттық-библиографиялық бөлім, мерзімді басылымдар залы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі залы бар. Оқу залы оқырмандарды кітапхана көлемінде баспасөз шығармалары және басқа да құжаттармен шектеулі түрде қамтамасыз етуге жабдықталған зал. Бұл жерде студенттердің сабаққа, оқытушылардың лекцияға дайындалуларына, ғалымдардың диссертация жазуына, мамандарға жаңа әдебиеттермен танысуларына болады Ақпараттық-библиографиялық бөлімде қажетті ақпаратты іздеу жылдам және сапалы орындалады.
2003 жылдан бастап бөлімде РАБИС бағдарламасы бойынша «Каталогизатор» модулімен газет-журнал мақалаларына библиографиялық сипаттамалар жазылып, электронды каталог толықтырылады. «Ізденіс.Тапсырыс» модулімен оқырмандар сұранысы қанағаттандырылады. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, аақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ барлық білім салалары бойынша Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың авторефераттары жинақталған. Абонемент бөлімі көркем әдебиет пен ғылыми-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі жастағы пайдаланушыларға ұсынады. Бөлімнің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: ғылыми қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, зейнеткерлер, оқытушылар, студенттер, оқушылар т.б. Мерзімді басылымдар бөлімі 1991 жылы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын 300-ге жуық аталымнан тұратын газет-журналдарды жаздырып алады. Бөлімде 1940 жылдан бергі құнды өлкетану мұрағаты және газет-журналдар қоры жинақталған. Ғылыми-әдістемелік бөлім облыстағы әдістемелік қызметті ұйымдастырушы, біріктіруші және жетекшісі болып саналады. Бөлім мынадай бағыттарда қызмет етеді: кітапхана ісінің мониторингі, озат тәжірибені жинақтау және тарату, кітапхана мамандарының білімін көтеру, семинарлар, тренингтер өткізу. 3-ші қабатта кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі, ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, өнер әдебиеттері бөлімі, ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі, шетел әдебиеті секторы, сирек әдебиеттер қоры және дөңгелек үстел өткізуге арналған зал бар. Өнер әдебиеттері бөлімі оқырмандарға ұлттық өнерімізді, жалпы өнер адамдары мен өнер зерттеушілерінің еңбектерін насихаттайды. Ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі сала бойынша ғылыми қызметкерлер мен инженер-техниктерге, ауылшаруашылығы мамандарына, студенттерге қызмет көрсетеді. Бөлімде кітаптармен қатар осы сала бойынша қазақ және орыс тіліндегі мерзімді басылымдар бар. Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі - оқырман қажетті ақпаратқа сұранысын Интернет ресурстарын пайдалана отырып қанағаттандыра алады. Мұнда компьютерлік мерзімді басылымдар және олардың электронды форматтары, ақпараттық технологиялар саласындағы әдебиеттер, электронды оқулықтар, CD-ромдар және журналдар қоры бар. Интернет-тренингтер өткізіліп, деректер базасын пайдалану бойынша кеңестер беріледі. Облыстық кітапхана РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс.Тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жүргізеді. Оның ерекшелігі облыстық кітапхананың кітап қорын және жаңадан келген әдебиеттердің электронды базасы жасақталады, республикалық және облыстық мерзімді басылымдардардағы өзекті тақырыптар бойынша сұранымдарды электронды түрде енгізу және оқырманға жедел ақпарат тауып беру. Қазіргі таңда кітапхана қоры 444048 дана кітапты құрайды. Оның 92525 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 28000-нан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап берілімі 146805 дана. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсететін 11 бөлім және 3 сектор жұмыс істейді. Оқырмандардың сұранымына сәйкес 2010 жылы шетел әдебиеттері және ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру секторы ашылды.