» » ҚЫЗЫЛОРДДА ПЕДИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ 

ҚЫЗЫЛОРДДА ПЕДИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ 

Айдар: Тарих / Сонғы жаңалықтар

1960-1970 жылдары Қызылорда педагогикалық институты оқытушыларының 950-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 30-дан аса монографиялары мен оқулықтары көршілес республикалар мен шетел баспаларында жарық көрді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қоңыратбаевтың, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Күнхожаевтың, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор М.Эвербухтың есімдері Қазақ кеңес энциклопедиясына енгізілді.
Жаратылыстану факультетінің 35 түлегі аспирантурада оқыды. Олардың қатарында бүгінгі академик, профессор Н.Нәдіров, Қазақ мұнай институтының директоры қызметін атқарған профессор Е.М.Бородин, Новосібір пединститутының факультет деканы болған ғылым кандидаты Ю.Б.Филиппова болды.
Осы кезеңде институтта барлығы 226 профессор оқытушы қызмет етті. Оның 3-еуі ғылым докторы, профессор, 66 ғылым кандидаты, доценттер, 49 әкімшілік басқарма қызметкері болды. Министрлер Кеңесінің ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауды дамыту және қолдану бұйрығына сәйкес, Қызылорда педагогикалық институтында айтарлықтай іс-шаралар өткізілді. Институттың 20 кафедрасындағы 152 адам ғылыми ізденіс жұмыстарына тартылып, 52-ге жуық өзекті мәселелерге зерттеу жүргізілді.
Жалпы институт республиканың сол кездегі 18 облысындағы жоғары оқу орындарымен, одақтық көлемдегі Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Ташкент секілді қалалардағы ғылыми-зерттеу институттарымен әртүрлі салада тығыз байланыс орнатты.