Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

БЕС ЖЫЛДЫҢ БЕЛЕСІ


Соңғы бес жылда Қызылорда қаласында қаншама игілікті істер атқарылды. Облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асқан жаңашыл жобалар облыс орталығының бет-бейнесін өзгерте түсті.
2013 жылы Сырдың бас қаласы 195 жылдық мерейтойын ерекше салтанатпен лайықты атап өтті. Сондай-ақ, осы жылы «Шұғыла» мөлтек ауданында, Сырдария өзенінің оң жағалауында демалыс скверлері мен аллеясы салынып, абаттандырылды. «Арай» мөлтек ауданында спорттық-сауықтыру кешені ел игілігіне берілді.
2014 жылдың басты жетістігінің бірі – Англия астанасы – Лондон қаласында облыс әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға негізделген несиелік келісімдерге қол қойылды.
Осы жылдарда қалада салынған тұрғын үйлер көлемі өсті. Жыл ішінде 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 14-і пайдалануға берілді, 330 отбасы жаңа пәтермен қамтылды. «Арай» мөлтек ауданынан 5 тұрғын үйдің және «Шұғыла» мөлтек ауданынан 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: