Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ


1972 жылы қыркүйек айында Қызылорда республикалық күріш-ғылыми зерттеу институты ашылып, оның алғашқы директоры Әшім Ыбыраев тағайындалды. 1976 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты Қызылорда филиалының және 1977 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің ашылуы елеулі мәдени оқиға болды.
1975 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен республика үкіметі теңіздің тартылуына байланысты арнаулы қаулы қабылдады. Осы қаулы бойынша Сырдариядан су тарту үшін 24 қуатты насос берілді. Кеме жөндеу зауыты жаңа кәсіпке бейімделіп, Қызылордадан балық өсіретін су қоймасы салынды.
1977 жылы Орталық комитеттің Қызылорда облысына қатысты қаулысына сәйкес облысқа мемлекеттік жоспарлау комитеті мен бірнеше одақтық министрлік өкілдері келді. Нәтижесінде күріш машиналарын жасайтын зауыттың негізі қаланды. Алайда, одақтық және республикалық басшылар арасындағы бюрократиялық берекесіздіктен зауыттың біржолата қалыптасуына мүмкіндік болмады. Бұл жылдары Құмкөл кен орны зерттеліп, негізі қаланды. Алайда, облыс көлемінде аяқталмаған құрылыс нысандары көбейе түсті.
Сол жылдарда ел аузында тоқырау деген атпен белгілі кезең басталды. Ол шырқау шыңына жетті. Тұрғындардың енжарлығы мен бойкүйездену, немқұрайдылығы байқалып қалатын.
Дегенмен, 80 жылдардың басында қала тұрғындарының әл-ауқатының жақсарды. Облыс орталығында бұрынғы қоржын тамдар жаппай бұзылып, шатырлы үйлерге қатары көбейді.
Клубтарда кинофильмдер қойыла бастады. Мектеп оқушыларына арналған кино күндері болды. Оған оқушылар сынып жетекшілерімен бірге келді. Көрсетілген фильмдер негізінен азамат соғысы мен Ұлы отан соғысы тақырыптарына арналды.
25-09-2018, 12:49
Вернуться назад