Facebook WhatsApp Instagram

Бейнебаян

0

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ: КІМ КІНӘЛІ? (ВИДЕО)

 

Әлеуметтік желілерде Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде аударылған «Мерседес» видеосы пайда болды, деп жазды ҚазАқпарат тілшісі.
Апат Бөкетов көшесіндегі «Глобус» дүкені алдында болған. Бейнебақылау камералары автомобильдің аударылғанын түсіріп алған. Кадрда «Лада» көлігінің екінші қатардан бірінші қатарға ауысқаны көрініп тұр. Ал бірінші қатардағы «Мерседес» ВАЗ-ға соқтығысып, жол жиегіне төңкеріліп түсті. Зардап шеккендер туралы еш мәлімет жоқ. Әлеуметтік желі қолданушылары апаттың себебі мен жүргізушілерді қызу талқылауда.
 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: