Facebook WhatsApp Instagram

Бейнебаян

0

АПАТҚА ҰШЫРАҒАН МОТОЦИКЛШІ ӨЛІМ АЛДЫНДА ӨЗІН ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН (ВИДЕО)

 

Техас тас жолында апатқа ұшыраған мотоциклші Кевин Дипенброк өлемін деген оймен өзін видеоға түсіріп, туған-туыстарымен, достарымен қоштасқан. Видео YouTube-те жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бес күнде миллион рет көрілген роликте жерде жатқан Дипенброк телефонның бейнекамерасын қосып, жақындарынан кешірім сұрап, қоштасқаны көрініс тапқан.
«Айтайын дегенім, сендерді жақсы көремін. Ақымақ болғаным үшін кешіріңдерші мені», - дейді мотоциклші.
Құтқарушылар апаттан зардап шеккен ер адамды бір тәуліктен кейін тауып алды. Ауруханада Дипенброктың 12 қабырғасы 17 жерден сынғаны анықталды, омыртқасы мен өкпесі де зақымданыпты. Екінші мотоциклші, оның досы Филлип Полито апаттан аман қалмады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: