» » Желіде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды

Желіде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды

Айдар: Бейнебаян
Алматыда Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ролик YouTube-тегі Joella Horn арнасында пайда болды. Видео бақылау камераларына түсірілген. Кадрларда бетон қоршауы, фонарлар, қарлы трасса көрінеді. Ұшақтың құлаған сәтін видеоның 1:27 секундынан көруге болады. Бірнеше секундтан кейін кадрда ұшақ пайда болады. Лайнер жер үстінде сырғанап, қоршауды тесіп өтіп, фонарьды бұзады.