Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Әлемдегі ең таза ел

Әлемдегі ең таза елКөшеде қоқыс тастағандар қомақты айыппұл төлеп, заң алдында жауап береді. Осындай қатаң талап, қатал тәртіптің арқасында Сингапур бүгінде әлемдегі ең таза, қауіпсіз әрі экономикалық әлеуеті жоғары елдердің біріне айналып отыр, деп жазады 24.kz.

Олар: «Тазалықты ұстану өскелең ұрпақтың денсаулығына да оң әсерін тигізеді», - деп есептейді.

«Тазалық - денсаулық кепілі». Жергілікті халықтың ұстанымы - осы. Өйткені мектеп табалдырығын аттаған әрбір сингапурлікке бұл туралы арнайы дәріс өткізіледі. Әрі қарай ол жоғары оқу орындарында жалғасады. Қанаттары қатпай тұрып саналарына сіңірген қағидаға сәйкес, сингапурліктер үй, қоғамдық орындардағы тазалық шараларын ерекше сақтауға тырысады. Бір жағы, заңға бағынады.

Бұл елде бөтелкені қоқыс жәшігіне тастамағаныңыз үшін құны 500 Сингапур доллары болатын айыппұл төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде тамақтану, сағыз шайнау, темекі тартуға рұқсат етілмейді.

1992 жылдан бастап ел үкіметі сағызды пайдалану мен тасуға тыйым салған. Сондықтан, оны дүкендерде таба алмайсыз. Сағызды шайнау мен көшеге лақтырған жағдайда, белгілі бір мөлшердегі айыппұл салынады.

Ал қоғамдық көліктердің ішінде трейн аялдамаларына келсек, жолаушының қарны ашып, аптап ыстықта шөлдесе де сабырлылық сақтауына тура келеді. Өйткені, бұл әрекет қалтадан қағылуға жол беруі мүмкін.

Темекіні тартуға рұқсат етілген жерлер. Бұл талап ескерілмесе, құны 1000 Сингапур доллары тұратын айыппұл төленеді. Ал қайталанса, айыппұл мөлшері көбейеді. Тіпті, нәтиже болмаса, қатаң түрдегі жаза шығарылады. Түрмеге қамайды. Заң солай.

Міне, осындай қатал заңымен Сингапур елі қоғамда тәртіп орнатып қана қоймай, қарапайым дүниелерді ескеру арқылы дені сау ұрпақ пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуге болатынын көрсетуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: