Facebook VK WhatsApp Instagram

Әлем

0

Чили астанасының метросында жарылыс болды

Чили астанасының метросында жарылыс болдыЧили астанасы Сантьягодағы метрополитен бекеттерінің бірінде жарылыс болды. Осының салдарынан сегіз адам жарақат алды, - деп хабарлайды tengrinews.kz  AFP сайтына  сілтеме жасап. 
Жарылыс 8 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 14:15-те "Әскери мектеп" станциясының жедел тағам әзірлейтін мейрамханасында болған. Жарылыс құрылғысы күл-қоқыс тастайтын жәшікке салынған. Жарақат алған бір адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Қазіргі таңда жарылыс болған жерді полиция қоршауға алған, ал метро бекеті орналасқан ауданда көлік кептелісі орын алған. Оның үстіне метрополитен пойызы "Әскери мектеп" бекетінен тоқтамай өтіп кетуде.  
Чили билігі қазірдің өзінде бұл жарылысты теракт деп бағалап отыр. Чили үкіметінің өкілі Альваро Элисальденің мәлімдеуінше, жақын уақытта елде антитеррористік әрекетке қатысты заң шығарылуы мүмкін.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: