Facebook VK WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Онкологиялық аурулар саны артып тұр

Онкологиялық аурулар саны артып тұрҚызылорда облысында онкологиялық ауруларға шалдыққан тұрғындардың басым бөлігін жұмыс істеуге қабілетті 25-55 жас аралығындағы адамдар құрайды. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста өткен жылы жаңадан 1015 адамнан онкологиялық ауру түрлері анықталса, 662 науқас өмірден өткен. Осыған байланысты бүгінде 6 түрлі онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында скринингтік тексеру жұмыстары емханаларда тегін жүргізілуде. 
Дәрігерлер тұрғындардың көп жағдайда емделуге кеш келетінін айтады. Сондықтан олардың өмірін сақтап қалу қиынға түседі екен. Сол себепті дәрігерлер азаматтардан өз денсаулығына салғырт қарамауға шақырады. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: