Facebook VK WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Биыл Қызылордада 105 адамның жүрегіне ашық ота жасалды

Биыл Қызылордада 105 адамның жүрегіне ашық ота жасалдыҚызылорда облысында үстіміздегі жылдың тоғыз айында 105 адамның ашық жүрегіне оталар жасалған. 2010 жылы мұндай оталар саны 62-ні құраған еді.
Елбасы тапсырмасымен 2009 жылы біздің өңірде кардиохирургия орталығы тұсауын кескен болатын. Осының негізінде жүрегі сыр беріп, дімкәс күйге түскен жандарға жоғары медициналық көмек көрсетіліп келеді. Сондай-ақ, аталмыш оталардан бөлек жүрек-қан тамыры ауруларына жасалған оталар саны да аз емес. Сыр өңірінде екі мамандандырылған кардиохирургиялық бригада жұмыс істейді. 
Үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы мәліметке сүйенсек, өңірде өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 3,3-тен 3,1-ге түсті. Осының нәтижесінде аймақта адамдардың орташа өмір сүру жасы 68,9-дан 70,2 жасқа көтерілді.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: