Facebook VK WhatsApp Instagram

Суреттер сөйлейді

0

Аудан орталығымен жол 100 шақырымға қысқарды

Бүгін Сырдария ауданында жаңа көпір салатанатты ашылып, пайдалануға берілді. Бұл көпір 21 мыңнан астам халық тұратын 13 елді мекенді аудан орталығы Тереңөзек кентімен байланыстарады. Салтанатты шараға облыс әкімі, депутаттар, аудан тұрғындар қатысты.
Ең бастысы тұрғындар Тереңөзек кентіне бару үшін 120 шақырым жол жүретін болса, енді ол 20 шақырымға қысқарды.
- Адам мен адамды бауырластырып, ел мен елді жақындастыратын көпірдің қай кезең де де халық үшін маңызы аса зор болған. Халқымыз шөлге құдық қазғанды, өзенге көпір салғанды, жолға ағаш еккенді үлкен сауап санайды. Ұзындығы 220 метрді құрайтын көпір 180 тонна салмаққа дейін шыдамды. Көпір Сырдария ауданының дәулетін арттырып, тыныс-тіршілігін кеңейте түсері сөзсіз. Бұл - үлкен iстiң басы ғана. Әрине, бұның бәрі Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі, ел үшін жасалып жатырған жасампаз істің жемісі, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақ басшысы облыста мұндай бірнеше көпір құрылысы жүріп жатқандығын тілге тиек етті. Еңбек ардагері Ыдsрыс Қалиев, ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жақып Асанов тұрғындардың қуаныштарымен бөлісіп, еңбек және соғыс ардагері Яхия Тасыров ақ батасын берді. Салтанатты шара барысында көпір арқылы алтын астық тасыған «Қызыл керуен» көші мен Жас отау иелерінің шеруі ұйымдастырылды. Ұлттық нақышта киіз үйлер тігіліп, жастар алтыбақан теуіп, әннен шашу шашты.
Аудан орталығымен жол 100 шақырымға қысқарды
Аудан орталығымен жол 100 шақырымға қысқарды
Аудан орталығымен жол 100 шақырымға қысқарды
Аудан орталығымен жол 100 шақырымға қысқарды
Аудан орталығымен жол 100 шақырымға қысқарды
Аудан орталығымен жол 100 шақырымға қысқарды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: