Facebook WhatsApp Instagram

Суреттер сөйлейді

0

Қызылордада еңбек форумы өтті

Қызылордада еңбек күніне орай "Ата кәсіп - алтын мұра" атты форум өтті. Айта кетейік, еңбеккерлердің басын қосып, өткізіліп жатқан бұл алғашқы форум. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, еңбек озаттарын марапаттады.
Форумда аймақ басшысы осындай бір салада еңбек етіп жүрген отбасыларды «Алғыс хатпен» марапаттады. Еңбек адамдарына көрсетілген мұндай құрметке диханшылар әулетінен Беғалы Пірдашов, әлеуметтік саладан Фатима Сейдахметова өз алғыстарын білдірді. Қазақстанның «Еңбек ері» Абзал Ералиев барша еңбек сүйгіш жандарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Форум жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен қорытындыланды.
Қызылордада еңбек форумы өтті 
Қызылордада еңбек форумы өтті
Қызылордада еңбек форумы өттіҚызылордада еңбек форумы өтті
Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: