Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жылқы ұрлап 5 жылға сотталды

Жылқы ұрлап 5 жылға сотталды
Шиелі ауданында тұратын сотталушы  М. бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығы шектелген. Осыған қарамастан ол бұрынғы соттылықтарынан тиісті қортынды шығармай, тағы да ауыр қылмыс жасады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ол алкогольден еліту жағдайында түннің қараңғылығын және айналада бөгде адамдардың жоқ  екендігін пайдаланып, жәбірленуші К.-нің үйіне барады. Оның мал қорасының ішіне заңсыз кіріп, сол жерде байлаулы тұрған құны 1 200 000 теңге тұратын тоғыз жасар жылқысын жібінен шешіп алып, жасырын ұрлап алып кеткен.
Сотта  ол өзінің  айыбын  толық мойындап,  жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды толық қайтарды. Өз ісіне өкінетіндігін айтып, кешірім сұрады. Өзіне  жеңіл жаза тағайындауға өтініш етті.  
Ал, жәбірленуші К. өзінің жауабында, бүгінгі күні залалдың толық қайтқанын көрсетіп, сотталушы М.-ға заң талабына сәйкес шара көруді сұраған. Сот сотталушы М.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 175-бабы  3-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті. Үкім заңды күшіне  енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: