Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мас күйінде құжатсыз көлік жүргізген

Мас күйінде құжатсыз көлік жүргізгенКөлік құралын басқаруға құқығы болмаса да, ішімдік ішкеннен кейін оны жүргізетін адамдар аз емес. Жақында Қармақшы аудандық соты осындай істерді қарап, тиісті шешімдерін шығарды.  
 Аудандық сотта құқық бұзушы Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушы Н. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, спирттік ішімдік ішкен мас күйінде,өзінің иелігіндегі автокөлігін  басқарып  жүргізген.
Дәл осындай әрекетке байланысты ісі сотта қаралған құқық бұзушы К.-де көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде, Урал ИМЗ мотокөлігін басқарған.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соттың қаулысымен құқық бұзушылардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәуліктен әкімшілік қамауға алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: