Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тұрғындар кәріз жүйесіндегі келеңсіздіктен зардабын шегуде (видео)

Тұрғындар кәріз жүйесіндегі келеңсіздіктен зардабын шегуде (видео)Қызылордада бірнеше көпқабатты үй тұрғындары кәріз жүйесінен зардабын шегуде.
Қыс таяған сайын тұрғындар жауапты мекемелерге дүркін-дүркін арызданып әлек. Алайда, нәтиже жоқ. Қызылорда қаласындағы Қасен Бектұрғанов көшесі бойында орналасқан №11 көпқабатты үйді жаңғырту жұмыстары жаздың ортасында басталды. Бүгінге дейін шатыры жаңарып, беті әрленді. Алайда мердігер мекеме жұмысшылары жертөлені тазалай алмай әлек. Өйткені, орталық кәріз жүйесі істен шығып, қалдық су үйдің астына құйылуда. Жауапты мекеме басшылығы кәріз жүйесін жаңалауға қаржы таппай отыр. Ең сорақасы, 50 жылдан бері жөнделмеген ескі құбырды тазалау да мүмкін емес. Үстіне дәмхана салынып кеткен. Қаржы бөлініп, тендер өтіп, құрылыс бастауға да біраз уақыт керек. Қысқа дейін бұл көпқабатты үйдің жылу жүйесі жаңармаса, тұрғындар қыста қысылып қалуы мүмкін.


Дерек көзі: 24.kz
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: