Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде 10-орында

Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде 10-орындаҚазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде 10-орында тұр, деп хабарлайды 24.kz.
Әсіресе қыршыннан қиылатын жастардың қатары артқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сай, 10-14 жас аралығындағы жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша еліміз бірінші орынға жайғасқан. Жан түршігерлік деректер мәжілісте өткен отырыс барысында айтылды. Елімізде жыл басынан бері 1500-ге жуық адам өзін өлімге қиған. Сорақысы, оның 456-сы қалалық тұрғындар болса, 992-сі ауыл халқы екен. Мамандар суицидтің өршуіне отбасындағы дау-дамай мен күйзелістің көбеюі себеп болатындығын айтуда. Оның үстіне жастармен жұмыс істейтін білікті психолог мамандар да тапшы екен. Гүлнар Сейтмағанбетова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: - Қазақша оқулықтарды адам түсінбейді. Тілі балаға лайық емес. Содан келіп бала қиналады. Әке-шешесіне барады, олар орысша бітірген болса, оны түсіндіре алмайды, сосын бала өзінің қатарынан қалады. Жоғары сынып оқушыларының 70%-ы өз-өзіне қол жұмсауға пиғылдары бар. Бұл не себептен? Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: - Мұғалімдер сабақ беріп, дәріс оқығанда мысалдарын өмірмен байланыстыра алмайды. Сондықтан бұл мәселелерді жаңа бағдарламаларға енгізіп жатырмыз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: