Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Темекі тұқылын тастап айыппұл төледі

Темекі тұқылын тастап айыппұл төледіЖалағаш аудандық соты азамат Ж.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  330-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қарады.
Жалағаш аудандық сотының хабарлауынша, хаттамаға сәйкес, азамат Ж. Жалағаш кентінде орналасқан темір жол вокзалының перронында темекі шегіп тұрып, темекі тұқылын жерге тастап, сол арқылы ортақ пайдалану орнын ластап, айналадағы адамдарға сыйламаушылықты бiлдiретін іс-әрекет жасап, әкімшілік құқық бұзушылык нормаларын және қоғамдық тәртіпті бұзу арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен азамат Ж.-ға 5556 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: