Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

1 қаңтарда Қазақстанда темекі қымбаттайды

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда сүзгісі бар темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны 200 теңгеге дейін жоғарылайды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Сейсенбі - 14 қазан күні ресми баспасөзде Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, елде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, сүзгілі шылымның бір қорабының (20 дана) ең төменгі бағасы 200 теңге болады.
Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі құны 150 теңге болған еді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: