Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бильярд үстеліне салық төлеуде тәртіп сақталмайды

Бильярд үстеліне салық төлеуде тәртіп сақталмайдыҚызылорда қаласы бойынша салық басқармасында 26347 салық төлемгері тіркелген, 322 субъекті жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған. Оның ішінде бильярд үстелдері біздің қаламызда көп тараған қызмет түріне жатады. Көрсетілген кезеңде салық басқармасында 23 шаруашылық субъектілерінде 79 бильярд үстелдері салықтық есепте тұр.
Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бас маманы И.Серікованың айтуынша, жекелеген жағдайда осы кәсіпкерлік түрмен айналысатын тұлғалар салық заңдылығына сәйкес бильярд үстеліне салықтарды төлеу, оларды уақытша есептен шығару немесе тоқтату тәртібін сақтай бермейді. 
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 422 бабына сәйкес бильярд үстеліне салықтық ставка әр бір ойын үстеліне ай сайын төленуі қажет. Бұл ретте көрсетілген баптың 2 тармағында салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейтіндігі қаралған.
Қызылорда қаласы аумағындағы салық салу объектілерінде орналасқан бильярд үстелдеріне 2013 жылдың шілде айына дейін қалалық мәслихаттың шешімі бойынша ай сайын әр бильярд үстеліне 17 айлық есептік көрсеткіш төленген. Көптеген салық төлемгерлері тарапынан атқарушы органдарға жасалған сұранысын қанағаттандыру және бизнес өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20-шы маусымдағы №18/2 шешімімен бильярд столдарына ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш төлеу бекіткен, яғни 17 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткішке төмендетілген. Қызылорда қаласында бильярд үстелдері бар кәсіпкерлік субъектілері 2013 жылдың шілде айынан бастап әр бір бильярд үстеліне ай сайын 18520 теңге есептеліп салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге тиісті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: