Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Коммерциялық бағдарламаларды заңсыз көшірген

Коммерциялық бағдарламаларды заңсыз көшірген

 

Сотталушы Қ. авторлық құқықтардың объектілері болып табылатын туындылардың контрафактілік даналарын заңсыз жеке компьютерге орнатып, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға бағытталған қылмыстық ниетімен «1С: Предприятие 7.7», «1С Предприятие 8.1» контрафактілі коммерциялық бағдарламаларын ғаламтор жүйесіндегі ақпаратқа кіріп заңсыз көшіріп алып, сақтаған.

Осыдан кейін сотталушы Қ. жоғарыда аталған коммерциялық бағдарламаларды тарату және пайдалану «1С» АҚБ-на ерекше құқықпен тиесілі екендігін біле тұра пайда табу ниетімен азамат Н.-ның жеке компьютеріне «1С: Предприятие 7.7», «1С: Предприятие 8.1» коммерциялық бағдарламаларының контрафактілік данасын заңсыз орнатып, осы қызметі үшін ақысы ретінде соңғыдан 8 000 теңге алып, ол қаржыны өз мақсатына пайдаланған.
Осылайша сотталушы Қ. Қазақстан Республикасының 1996-жылдың 10-маусымындағы «Авторлық құқық және сабақтастық құқықтар туралы» Заңының 16-бабының «Туындының түп нұсқасын немесе даналарын жалға беру /көпшілікке жалға беру/ арқылы тарату құқығы, ол даналарған меншік құқығына қарамастан, дыбыс, бейне жазу мен ЭВМ бағдарламаларының авторы немесе авторлық құқық иесіне беріледі» деген және 31-бабының «Автордың туындының түп құсқасын немесе даналарын жалға беру /көпшілікке жалға беру/ арқылы тарату құқығын басқаға беру автордың және мүліктік құқықтар берілетін адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен рәсімделуі тиіс» деген талаптарын өрескел бұзып, осы коммерциялық бағдарламалардың авторлық құқық егесі «1С» АҚБ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі «ИнфоСофтПром» ЖШС-мен қандайда бір келісімге немесе шарттық қатынастарға отырмай, көрсетілген бірлестіктің авторлық құқықтарын заңсыз пайдаланған.
Сотталушы Қ.-ның осы қылмыстық іс-әрекеті салдарынан «ИнфоСофтПром» ЖШС-не 578 400 теңге залал келіп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 184-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған.
Сот сотталушы Қ.-ны жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартты. Қаулы заңды күшіне енбеген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: