Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүзік қойдың тіліне қалай байланды?

Жүзік қойдың тіліне қалай байланды?

 

Шиелілік Әбдірахман Ыбыраев құрбан айт қарсаңында сәрсенбі базарына барып құрбандыққа шалуға мал алады. Базардан алған малын әкесінің үйіне әкеліп, құрбан айтқа бағыштап шалады. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, пәтуа бойынша мал етінің үштен бірін және басын шаңыраққа алып қалып, қалғанын жоқ-жітіктерге таратып береді. Басын үйітіп болып, жағын айырып, тісін қаққалы жатқанда күтпеген жағдайға тап болады. Жалма-жан басқа қараса қойдың тіліне алтын жүзік жабысып тұр екен! Тілдің ортасындағы ойыққа сіресіп қатып қалған. Шамасы, қозы шағында қолдап сүт бергендіктен бе, әйтеуір, жабысқанына біраз уақыт болған. Бәлкім, алтын жүзік сол кезде саусақтан сырғып түсіп тілге байланды ма, бір жұмбақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: