Үстіміздегі жылы Сырдария ауданы бойынша 20007 гектарға күріш дақылы орналастырылды. Орта өнім әр гектардан 51,7 центнерден келді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осылайша сырдариялық диқандар жалпы алғанда 1 млн 122 мың центнер өнім жинады. Бүгінде келер жылғы егіске қажетті 5500 тонна күріш тұқымы толық құйылды. Аудан диқандары ел ырысын молайтып, қамбаны қызылға толтыру жолында ерен еңбектің үлгісін көрсетті.