Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жәрмеңкеге 926 тонна ауылшаруашылық өнімдері әкелінді

Жәрмеңкеге 926 тонна ауылшаруашылық өнімдері әкеліндіҚызылордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеті аудан облыс орталығына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 53 түрін нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзан саудаланды. 
Облыс әкімі Қ.Көшербаев барлық ауданның ұйымдастырған жәрмеңкесінде болып, сатушылар және тұтынушылармен жүздесті.
Сыр диқандарының ала жаздай еңбегі ақталып, күріштің әр гектарынан 51 центнер өнім алынды. Қамбаға 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғарғы рекордтық көрсеткіш. 
Жәрмеңкеге 926 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері әкелінді. Басты брендіміз күріштен бастап, көкөніс, бақша дақылдары, ет, мал азығы қала тұрғындарының қалтасына қонымды бағамен сатылды. 
Қызылорда қаласы облыс орталығы болғанымен іргедегі ауылдар ауылшаруашылық саласымен айналысады. Мерекеде қаланың шаруашылықтары Әйтеке би көшесінің бойында жәрмеңке жасады. Қаланың батыс бөлігіне қармақшылықтар арзан бағада өнім сатса, Титов қыстағында Жалағаш ауданының жәрмеңкесі өтті. 
Күріштен рекордтық көрсеткіште өнім алуға қармақшылық «Жаңа жол» және сырдариялық «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері елеулі үлес қосты. Екі шаруашылықта Сыр салысының әр гектарынан 70 центнерден астам өнім жинады. Күріш алушылардың қарасы осы екі ауданның жәрмеңкесінде көп болды. 
Ал балықты саудалаушылар Арал мен Қазалы ауданының жәрмеңкесіне барды. Мұнда балық өңделген түрлеріне дейін сатылды. 
Мерекелік шара «Сыр Ана» монументінде жалғасты. Онда «Қызылорда – алтын қазақ ән орда!» атты этноауыл қойылымы тігілді. Бір сөзбен айтқанда, киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүрлер жаңғыртылды. Тоқшылық тойында тұсаукесер рәсімі жасалып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.
Осы күні қаланың барлық шағын аудандарында мереке жоғары деңгейде аталып өтілді. Спорттық сайыстарда ұйымдастырылып, қол күрес, қазақ күрес, арқан тартудан мықтылар анықталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: