Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шабдалының түбіне есірткі өсірді

Шабдалының түбіне есірткі өсірдіСотталушы А. өзінің  үйінің бақшасында өсіп тұрған ағаштар түбіне сора өсімдігін еккен. Оның бірі шабдалы ағашының түбіне егілсе, екіншісі бақшасының аяқ жағындағы арықтың жағасындағы қалың өсіп тұрған шеңгелдердің арасына жасырған.  Онда екі дана ұяшық қазып, сол ұяшықтарға өзі сақтап жүрген құрамында есірткі заты бар өсіруге тиым салынған сора өсімдіктерінің үш дана тұқымын еккен.
Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан кейін сотталушы А. жоғарыда көрсетілген, өзі еккен құрамында есірткі заты бар үш дана сора өсімдіктерін жаз айларында күнделікті суарып, баптап өсірген.
Шиелі АІІБ-нің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында сотталушы А.-ның үйінің бақшасында өсіп тұрған соңғының заңсыз егіп, өсірген құрамында есірткі заты бар, өсіруге тиым салынған сора өсімдіктері алынған.
Сот сотталушы А.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 63-бабы қолданылып, сотталушы А.-ға  тағайындалған жаза шартты деп саналып, оның өзі мен мінез-құлқының түзелуі үшін 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: