Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жазасын өтеушілердің 84-і шартты түрде мерзімінен бұрын босады

Жазасын өтеушілердің 84-і шартты түрде мерзімінен бұрын босады Қызылорда қаласының қалалық соттарында мамандандыру бойынша 2014 жылдың 12 мамырынан бастап Қызылорда қаласы № 2 сотына қылмыстық сот ретінде онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр санаттағы қылмыстық істерді қарау, сонымен қатар, сот үкімінің орындалуына байланысты материалдарды, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу және үйде қамап ұстау бұлтартпау шараларын қолдануға санкция беру туралы өтініштерді және қылмыстық істер саласы бойынша  өзге де материалдар қаралады.
Қызылорда қаласы №2 сотының бас маманы Г.Дүйсенованың хабарлауынша, сотта жүйелі түрде ЗК-169/5 мекемесінде қатаң режимде  жазасын өтеушілердің  мерзімінен бұрын шартты түрде босату, түзеу мекемесінің түрін ауыстыру, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініштері  заманауи құралдардың мүмкіншілігін пайдалану арқылы бейне-конференция жүйесімен өткізілуде.
Статистика бойынша сотта 2014 жылдың 9 айында ЗК -169/5 мекемесінде қатаң режимде жазасын өтеушілерден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы барлығы 90 материал қаралып аяқталған болса, оның 84-і бойынша өтініштер қанағаттандырылып, 5 өтініш қанағаттандырусыз, 1 өтініш қараусыз қалдырылған. Түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы-17 өтініш қаралып барлығы қанағаттандырылған, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы 7 өтініш қаралып, оның 6-уы қанағаттандырылып, 1-еуі қанағаттандырусыз қалдырылды.
 Дегенмен, жаза жеңілдегенмен жауапкершілікті жеңілдетпейтіні белгілі. Мысалға ҚР ҚАК-нің 178-2 бабына сәйкес жазасын өтеуден шартты түрде мерзімнен бұрын босатылған сотталғандарға арнайы міндеттемелер жүктеледі, атап айтқанда тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өту; Ішкі істер органдары белгіленген уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу; жұмыстан және оқудан бос уақытта ішкі істер органдары белгіленген жерлерге бармау; Ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпау; жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды немесе мемлекетке келтірген материялдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолдану; Ішкі істер органдарының талабы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылауды  жүзеге асыруға қажетті түсініктер мен өзге де құжаттарды беру және ішкі істер органдарына шақырту бойынша келу міндеті жүктеледі.
Қорыта айтқанда, жаза өтеушілерден түскен өтініштерді бейнеконференция жүйесі арқылы қараудың тиімділігі мен ұтымды жағы бұл біріншіден өтініштерді тез шешуді, қатаң режимде жазасын өтеушілерді айдауылдап әкелу  машақатын болдырмауды, уақыт үнемдеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сотта мұндай жүйе арқылы материалдарды қараудың өзіндік ерекшелігі сол  сотқа ұсынылған өтініштер сол күнгі кезекші қорғаушының қатысуымен қаралады. Бұл әрекеттердің барлығы сайып келгенде сыбайлас  жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-қимылды білдіреді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: