Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жол ережесін бұзып, хаттаманы жыртты

Жол ережесін бұзып, хаттаманы жырттыАзаматша А. өзінің басқаруындағы автокөлігімен жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермеген. "Осылайша оған Қызылорда ҚІІБ-ның ЖППБ-ның қызмет инспекторы  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-7 бабының 1-бөлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған" деп хабарлайды Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі. 
А. ЖППБ-ның қызмет инспекторының қолындағы ресми құжаты болып табылатын № 9028747 санды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны жұлып алып, оны үстінен астына қарай жыртып, бүлдіріп, жерге лақтырып тастаған.  
Сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 324-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 370 400 теңге айыппұл салынды.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: