Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дәлелдерді бұрмалап айыппұл төледі

Дәлелдерді бұрмалап айыппұл төледіАрал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 348 бабының 1-2 бөлігімен айыпталған О.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Арал аудандық сотының хабарлауынша, сотталушы О. азамат С.-ның сыртынан заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалаған.
Сотта сотталушы О-.ның қылмыстық әрекеті өзінің қылмысын толығымен мойындап берген жауабымен қатар, куәлардың жауаптарымен, алынған заттай дәлелдемелермен, сот-сараптамаларының қорытындыларымен және өзге де құжаттармен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы О. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 348 бабының 1-2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға дейін балық инспекциясының бас маманы лауазымын атқару құқығынан айырылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 370 400 теңге айыппұл салынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: