Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Букмекерлік кеңсені тонаушыны құрықтағандар марапатталды

Букмекерлік кеңсені тонаушыны құрықтағандар марапатталдыҮстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде Шиелі кентінде  букмекерлік кеңседен қаруланған белгісіз азаматтың ірі сомада ақша ұрлағаны жайлы хабарлама берілген болатын. «Аталған хабарлама бойынша Шиелі аудандық ішкі істер бөлінісінің басшылығы және жеке құрамы қылмыскерді құрықтау үшін тез арада топ жасақтап, қолға түсіру операциясын жүргізді» деп мәлімдейді Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Қызметкерлердің ұйымдасқан, ұтқыр әрекеттерінің арқасында қылмыскер ұсталып, букмекерлік кеңсе қожайындарына қолды болған ақшалары қайтарылды. Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында жоғарыда аталған құрықтау операциясында қырағылығымен, ұтқырлығымен көзге түсіп, жанқиярлық көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды. ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев ҚР ІІМ-нің марапаттау жайлы бұйрығын ресми түрде оқып, қылмысты ашуда жоғары шеберлік пен қырағылық танытқаны үшін «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Шиелі ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры  Дархан Исабекті марапаттаса, Шиелі ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы  полиция майоры Мақсат Сотбековке жаңа үлгідегі ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісін тақты. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: