Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Туберкулездік санаторлық балабақшаға 25 бала негізссіз қабылданған

Туберкулездік санаторлық балабақшаға 25 бала негізссіз қабылданғанШиелі аудандық прокуратурасы «№4 Шұғыла» санаторлық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізу барысында заң бұзушылықты анықтады. Бұл жөнінде облыстық прокуратуарының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған бала-бақша қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Онда қазіргі таңда тәулік бойы 4 топта барлығы 95-бала тәрбиеленіп оқытылуда.
Бала бақшаның мақсаты – туберкулездік санаторлық бала бақша балалар бойындағы туберкулез инфекциясы алғашқы белгілері пайда болған, туберкулез ауруымен ауыратын ата-анадан балаларын және жанұялық қатыста болатын балаларды оқшаулау. Туберкулез ауруын жұқтыруға икем балаларға туберкулез ауруының алдын алатын профилактикалық және шынықтыру жұмыстарын жасау.
Бала бақшаға балаларды қабылдау аудандық туберкулез диспансернің жолдамасы негізінде жүзеге асырылады. Яғни, баланың бала бақшаға келуі туберкулез диспансерімен және баланың ата-анасының рұқсатымен келеді.
Осы мақсатта, аталған жолдамалардың заңдылығы мен талапқа сәйкестігін анықтау мақсатында аудандық прокуратурамен туберкулез диспансеріне қарсы тексеру жүргізілген.
Нәтижесінде, бала-бақшадағы 25 баланың жолдамасы негізссіз екендігі анықталды.
Себебі, бала-бақшадағы тәрбиеленіп оқытылып жатқан балалардың ата-анасы немесе жанұяда қарым-қатынаста болатын туыстарында туберкулездің таяқшалары анықталған жағдайда ғана оқшаулауға жатады.
Алайда, 25 баланың ата-анасы немесе жанұяда қарым-қатыстағы туыстарының ауырмайтындығы белгілі болуда.
Яғни, туберкулез диспансерінің фтизиатор дәрігері жолдамаларды беру барысында оның негізділігіне назар аудармай берілуіне жағдай туғызған.
Тексерудің жан-жақтылығы мен негізділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық прокуратурамен облыстық қаржылық бақылау инспекциясына талапнама беріліп, қорытындысы бойынша 25 балаға мемлекеттен кеткен шығын 9003,9 мың теңгені құрайды.
Жоғарыда аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: